04.03.2019
Просмотров: 374
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Астана қаласына жақын маңда орналасқан елді мекендерді аралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Онда елорданың шеткері аймақтарында тұратын халықтың мәселелерін шешу барысымен танысып, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту үдерісін тексерді.